«Кең дала 2» бағдарламасы: аграрийлерді ерте қаржыландыру басталады

880
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен қаржы институттарының алдына көктемгі егіс жұмыстарын уақытында қолға алу туралы міндет қойған болатын, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осы тапсырманы жүзеге асыру және қолдау шараларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар аясында биыл «Кең дала 2» бағдарламасына өтінім қабылдау 2025 жылғы 1 қазаннан басталады.

Басты мақсат ауылшаруашылығы өкілдерін алдын ала қаржыландыру. Бұл жаңа ауыл шаруашылығы маусымына тиянақты дайындалуға, жанар-жағармайды қолайлы бағамен сатып алуға, тыңайтқыш алуға, техниканы жөндеуден өткізуге және қажетті тұқым қорын қалыптастыруға жол ашады. Дәл осы кезеңдегі қаржылай қолдау егіс науқанын табысты өткізу үшін шешуші фактор саналады.

Ерте қаржыландыру тетігі 2024 жылдың қараша айының соңында іске қосылып, бірден жоғары сұранысқа ие болды.

Бағдарлама шеңберінде жылдық 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесі ұсынылады. Осы орайда, кепіл мүлік мәселелесін шешудің де тіиім жолы қарастырылған. Яғни, қажет болған жағдайда, қарыз сомасының 85%-ына дейін «Даму» қорының кепілдігімен қамтылуы мүмкін. Қаржыландыру республика бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның ауқымды филиалдық желісі және серіктес қаржы институттары арқылы жүзеге асырылады.

Жүйелі жұмыс қолдау көлемінің тұрақты өсуін қамтамасыз етіп отыр. Егер 2022 жылы «Кең дала» бағдарламасына 140 млрд теңге бөлінген болса, ағымдағы жылы 700 млрд теңге жоспарланған. Оның 500 млрд теңгеден астамы қазірдің өзінде игерілді.

Бұл аграрлық саланы қолдаудың жүйелі қадамдары жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді.

«Кең дала 2» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін сала өкілдері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның аймақтық филиалдарына жүгіне алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -