Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі парасаттылық мәдениетін дамытуға және мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жүйесін нығайтуға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стандартты бекітті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Құжат "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңды орындау мақсатында әзірленген. Сыбайлас жемқорлық қатерін талдау мен картаға түсіру, мүдделер қақтығысын реттеу, сатып алу рәсімінің ашықтығын арттыру және қоғаммен ашық диалог қалыптастырудың бірыңғай тәсілін бекітеді.
Жаңа стандартта мыналар қарастырылған:
сыбайлас жемқорлық қатерін тұрақты түрде талдаудың интерактивті картасын қалыптастыру;
мүдделер қақтығысын реттеу ережелері, сыйлық алу мен сапарлауға қатысты шектеулер;
қызметкерлерді міндетті оқыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша білімдерін тестілеу;
Министрліктің ресми сайтында негізгі жоспарлар мен есептерді жариялау, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің қатысуы;
бәсекелестікке басымдық бере отырып, мемлекеттік сатып алу рәсімін бақылауды күшейту.
Стандартты қабылдау Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асырудағы маңызды қадамы әрі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға, азаматтар мен бизнестің сенімін нығайтуға қызмет етеді.