Ұлтаралық келісім: мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге нақты тапсырмалар берілді

968
Фотосурет: Akorda

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Алматы облысының әкімі қатысты.

Жиында этносаралық қатынастарды дамытудың өзекті мәселелері, мемлекеттік аппарат жұмысына жаңа тетіктерді енгізу, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға бағытталған идеологиялық қызметті жетілдіру шаралары қарастырылды.

Мемлекеттік кеңесші идеологиялық жұмыстың формаларын үнемі жаңғырту, жауапкершілік пен сыйластық мәдениетін ілгерілету қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды шарты екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған күш-жігерді біріктіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 
 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -