Қазақстан Республикасында әдеп жөніндегі уәкіл институты 2016 жылғы қаңтар айынан бастап енгізілді және құқық қорғау органдарынан, арнайы мемлекеттік органдар мен Қорғаныс министрлігінен басқа барлық мемлекеттік органдарда қызмет атқарады. Оның негізгі міндеті – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, деп хабарлайды DKNews.kz.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелері бойынша кеңес береді, жанжалдық жағдайларды шешуге жәрдемдеседі.
2024 жылғы сәуір айынан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі болып Департамент басшысының орынбасары Омаров Азат Сапарғалиұлы тағайындалды. Тағайындалған күннен бастап ол ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесін нығайтуға және Департаменттің жұмыс тиімділігін арттыруға ерекше назар аударуда.
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызмет бағыттары:
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп нормаларын сақтау. 2025 жылы құрылымдық бөлімшелердің, аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары мен кеден бекеттерінің қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. Жаңа қабылданған мемлекеттік қызметшілердің бейімделуіне айрықша көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері осындай екі кездесу өтті.
- Ағартушылық жұмыс. Бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында материалдар тұрақты жарияланып отырады. 2025 жылдың басынан бері 111 жарияланым орналастырылды.
- Кері байланыс. Әдеп жөніндегі уәкіл Департамент қызметкерлерін де, салық төлеушілерді де жеке қабылдауды жүзеге асырады.
- Ұжымдағы ахуалды бағалау. Тоқсан сайын анонимді сауалнама жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша моральдық-психологиялық климатты жақсартуға бағытталған нақты шаралар қабылданады.
- Ашықтық. Департаментте жыл сайын «Ашық есік күні» өткізіледі. Оның аясында мектеп оқушылары, студенттер, түлектер мен қызметкерлердің отбасы мүшелері Мемлекеттік кірістер органдарының қызметімен таныса алады. 2025 жылы акция 14 сәуірден 16 мамырға дейін барлық аудандық басқармаларда және «Алматы-ЦТО» кеден бекетінде өтті.
Азаматтар үшін байланыс деректері
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау, жанжалдық жағдайларды шешу немесе кеңес алу мәселелері бойынша азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер әдеп жөніндегі уәкілге жүгіне алады:
Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 132, 200-кабинет
Телефон: +7 (727) 267 69 55
E-mail: a.omarov@kgd.gov.kz
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтың жоғары стандарттарын қалыптастыруға, ұжымдағы сенімді атмосфераны орнықтыруға және қоғам тарапынан мемлекеттік қызметтің оң имиджін арттыруға маңызды үлес қосады.