Азия даму банкі Қазақстанның 2025 және 2026 жылдарға арналған экономикалық өсім болжамын қайта қарады

1155
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

Азия даму банкі (АДБ) тарифтермен және жаңартылған сауда келісімдерімен қалыптасқан жаңа жаһандық сауда ортасының пайда болуының аясында Азия мен Тынық мұхиты өңірінің дамушы елдері үшін өсу болжамын тиісінше осы және келесі жылға 0,1 және 0,2 пайыздық тармаққа қысқартады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін жарияланған "Asian Development Outlook" есебіне сәйкес (Азиялық дамуға шолу) 2025 жылдың қыркүйегінде биыл өңір елдерінің экономикасы 4,8%, ал келесі жылы 4,5% өседі. Бұл сәйкесінше, сәуірдегі 4,9% және 4,7% болжамдарымен салыстырылады.

АҚШ тарифтерінің көтерілуі және саудадағы белгісіздіктің артуы өңірдегі өсуге теріс әсерін тигізеді деп күтілуде. Азық-түлік пен энергия бағасының төмендеуі аясында инфляция биыл 1,7% дейін төмендейді, содан кейін келесі жылы азық-түлік бағасының қалыпқа келуіне байланысты 2,1% дейін өседі.

"АҚШ-тың кедендік баждары тарихи жоғары деңгейде белгіленді, ал әлемдік саудадағы белгісіздік сақталып отыр", - деді АДБ бас экономисті Альберт Парк. "Азия мен Тынық мұхитының дамушы елдеріндегі өсім экспорттың жоғары деңгейі мен белсенді ішкі сұраныстың арқасында биыл тұрақты болып отыр, алайда, сыртқы жағдайлардың нашарлауы болашаққа теріс әсерін тигізеді. Жаңа жаһандық сауда ортасының жағдайында үкіметтерге тиімді макроэкономикалық басқаруға, ашықтыққа және одан әрі өңірлік интеграцияға ықпал етуді жалғастыру өте маңызды".

Қытай Халық Республикасы (ҚХР) үшін өсу болжамдары өзгеріссіз қалуда, себебі саяси қолдау тарифтердің көтерілуін және жылжымайтын мүлік нарығының әлсіздігін жеңілдетеді деп күтілуде. ҚХР экономикасы биыл 4,7% және келесі жылы 4,3% өседі деп болжануда.

АҚШ-тың Үндістан экспортына тамыз айынан бастап енгізген жоғары тарифтері өсуге теріс әсерін тигізеді деп күтілуде. Қазіргі таңда АДБ Үндістан экономикасының 2025 жылы да, 2026 жылы да 6,5% өсуін болжайды, бұл сәуір айындағы болжамдармен салыстырғанда, биыл 6,7% және келесі жылы 6,8% құрайды.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экономикалары әлемдік сұраныстың әлсіреуі және саудадағы белгісіздіктің артуы аясында өсу болжамдарының айтарлықтай төмендеуімен бетпе бет келуде. Қазіргі таңда субөңірдегі өсім 2025 жылы 4,3%, 2026 жылы сондай болады деп болжануда, бұл сәуір айындағы болжамдармен салыстырғанда, 0,4 пайыздық тармаққа аз.

Биылғы жылы Орталық Азия мен Кавказ үшін өсу болжамы 5,5% дейін сәл көтерілді, келесі жылға арналған болжам 0,1 пайыздық тармаққа 4,9% дейін төмендегенімен, негізінен субөңірдің кейбір елдерінде мұнай мен газ өндірісінің төмендеуіне байланысты.

Қазақстанның экономикалық өсу болжамы 2025 жылы 5,3% дейін және 2026 жылы 4,3% дейін, сәуір айында болжанатын 4,9% және 4,1%  дейін ұлғаю жағына қарай қайта қаралды. Қайта қарау Үкіметтің инфрақұрылымға инвестицияларының жалғасуына және пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты болды. Құрылыста, өндірісте, қызмет көрсету саласында және ауыл шаруашылығында белсенді өсудің арқасында – 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖІӨ өсімі жылдық есепте онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш - 6,2% жетті. Коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне және валютаның құнсыздануына байланысты инфляция болжамдары да көтерілді. Орташа инфляция 2025 жылы 10,5% және 2026 жылы 8,4% жетеді деп күтілуде. Өсудің жоғары қарқынына қарамастан, импорт экспорттан асып түседі, бұл ағымдағы шоттың тұрақты тапшылығына алып келеді. Мемлекеттік бюджет тапшылығы біртіндеп қысқарады деп болжануда, себебі салық түсімдерінің өсуі әлеуметтік қажеттіліктер мен инфрақұрылым шығындарының өсуін өтейді. Үкіметтің инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы мен жаңа салық кодексі экономикалық тұрақтылықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде. 

Тынық мұхиты өңірінің экономикалары үшін тау-кен өндірісінің өсуі аясында биылғы болжам 0,2 пайыздық тармаққа көтеріліп, 4,1% жетті, ресурстар өндірісі мен шикізат экспортының күтілетін төмендеуіне байланысты келесі жылы субөңірдің өсу болжамы сәуір айында 3,6%-дан 3,4% - ға дейін төмендеді.

Азия елдері мен Тынық мұхиты өңірінің даму болашағы үшін негізгі тәуекелдер АҚШ-тың сауда саясатына қатысты, әсіресе жартылай өткізгіштер мен фармацевтикалық препараттарға секторлық тарифтердің енгізілуіне байланысты жалғасып жатқан белгісіздіктерді, сондай-ақ АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда келіссөздеріндегі шешілмеген мәселелерді қамтиды. Жалғасып жатқан геосаяси шиеленіс, ҚХР жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалдың одан әрі нашарлауы және қаржы нарықтарындағы ықтимал құбылмалылық өңірдің даму болашағына да әсерін тигізуі мүмкін.

АДБ - Азия-Тынық мұхиты өңірінде инклюзивті, тұрақты және тұрақты өсуді қолдайтын жетекші көпжақты даму банкі. Күрделі мәселелерді бірлесіп шешу үшін өз қатысушыларымен және серіктестерімен жұмыс жасай отырып, АДБ адамдардың өмірін өзгерту, сапалы инфрақұрылым құру және ғаламшарымызды қорғау үшін инновациялық қаржы құралдары мен стратегиялық серіктестіктерді пайдаланады. 1966 жылы құрылған АДБ 69 мүшеге тиесілі, оның 50 өңірдің өкілдері.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -