Астанада өткен қарттарға арналған концерт ардагерлер мен жастарды тоғыстырды

1199
Фотосурет: Gov
Халықаралық қарттар күні және мұғалімдер күніне орай Астана қаласы әкімдігінің Есіл аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Е.Серкебаев атындағы №3 музыка мектебі бірлесіп, «Қарты бар елдің қазынасы бар» атты мерекелік концерт қойды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында «Қазына» салт-дәстүрлерді дәріптеу ұжымы «Ерке бала» көрінісін сахналады. Сондай-ақ, қариялардың жастық шағына арналған «Алматы түні» әні мен «Бәйтерек» ансамблінің өнері көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Концертте әсем әндер шырқалып, ұлттық күйлер орындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қариялардың мерейін көтеріп қана қоймай, жастарды ата-ананы сыйлауға, үлкенді құрметтеуге үндейді.

«Қазақ халқы «Төрінен қарт кетпесін» деп тілеген. Қарттарға құрмет көрсету – елдің рухани байлығының айғағы. Дегенмен, қарттарды қадірлеу тек бір күндік мереке емес, бұл – өмірлік парыз. Қарттар күні бізге тек мерекелік концертпен шектеліп қалмай, күнделікті тұрмыста үлкендерге қамқор болуымызды еске салады», – дейді зейнеткер Құралай Жапарқұлова.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -