Тоқаев Стэнфорд профессорының сарапшылық пікірін жоғары бағалады

1122
Фотосурет: Аkorda

Мемлекет басшысы Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевты қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Илья Стребулаев венчурлық инвестиция тарту, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның стартаптарын дамыту әлеуетін талқылады.

Президент еліміз венчурлық инвестиция тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы профессордың сарапшылық пікірін және Қазақстанға венчурлық инвестиция тартуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Кездесу соңында Илья Стребулаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің қазақ тілінде жарық көрген кітабын сыйға тартты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -