Алматы тауларында құтқарушылар сәтті эвакуация жүргізді

1221
Фотосурет: Gov

Құтқарушылар Алматы тауларында жарақат алған әйелді эвакуациялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін таңертең 1976 жылы туған әйел Алматы тауларына көтеріліп, аяғынан жарақат алып, өздігінен түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін, оны зембілмен Медеу кешеніне дейін түсіріп, жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады.

ТЖМ суды өткізбейтін үстіңгі киім және табаны мықты аяқ‑киіммен шығу қажет екендігін еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -