27 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Грузияның Тбилиси қаласында аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионаты өтті. Аталған додаға 78 елден 800-ге жуық спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде сенімді өнер көрсетіп, ересектер арасындағы жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Құрама сапында Ерлан Қабдулов (52,2 кг) пен Жақсыбек Аймаханов (83,9 кг) алтын медаль жеңіп алса, күміс жүлдені Досжан Есбол (88,4 кг) еншіледі. Ал қола жүлдегерлер қатарында Жексенбай Әбілмансұр (52,2 кг), Марат Әшімтаев (65,8 кг), Еркебұлан Бегасылұлы (70,3 кг), Дмитрий Ярков (74,8 кг) және Диас Өскер (79,4 кг) бар.
Әйелдер арасындағы жарыста да Қазақстан құрамасының спортшылары тәуір нәтиже көрсетті. Матильда Бачурина (52,2 кг), Адель Махаметова (61,2 кг), Мөлдір Әшірбекова (74,8 кг) және Диана Ахметова (79,4 кг) қола жүлдеге ие болды.
Жастар санатында күміс медальді Егор Желтов (56,7 кг), Радомир Морозов (97 кг), Машрап Қарақат (74,8 кг) және Асылайым Қайпберген (97 кг) жеңіп алды. Ал қола медальді Димаш Жақсылық (52,2 кг), Аслан Қошиев (93 кг), Серік Шадияр (70,3 кг) және Айнұр Медетова (65,8 кг) олжалады.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы 19 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 5 күміс және 12 қола. Бұл нәтиже еліміздің аралас жекпе-жек спорты бойынша әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.