Қазақстан түркітілдес елдердің алғашқы кәсіби шеберлік чемпионатын қабылдап отыр

990
Фотосурет: Gov

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бүгін Ақтау қаласында Қазақстанның бастамасымен тұңғыш TurkicSkills халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Чемпионатқа Түркі мемлекеттерінен келген техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері, сарапшылар сала өкілдері қатысуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараның басты мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде үздік тәжірибені тарату, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жастардың кәсіби әлеуетін арттыру.

Чемпионаттың ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы - деп жариялауы — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңінің басталуы болды. TurkicSkills чемпионаты — осы жылдың басты оқиғаларының бірі. Бұл алаң жастардың кәсіби шеберлігін көрсетіп қана қоймай, түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты, тәжірибе алмасуды тереңдетеді», — деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова.

Чемпионатқа 70-тен астам студенттер мен жас маман және 90 сарапшы қатысуда. Олар инженерия, ақпараттық технологиялар, өндіріс, робототехника және қызмет көрсету салалары бойынша бақ сынайды.

TurkicSkills чемпионаты 9 қазанға дейін жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -