Қазақстанда алғаш рет алты мемлекеттің қатысуымен «TurkicSkills 2025» чемпионаты өтіп жатыр

2772
Фотосурет: ortcom.kz

Ақтау қаласында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында алғаш рет «TurkicSkills 2025» І Халықаралық шеберлік чемпионаты өз жұмысын бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Білім бәсекесінде Венгрия, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген 53 қатысушы бақ сынайды. Оның ішінде Қазақстанның әр өңірінен 10 студент қатысып жатыр, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Жарыс 10 құзыреттілік бойынша өтеді. Атап айтқанда: бизнеске арналған ІТ шешімдер, веб технологиялар, дрондарды басқару, графикалық дизайн, сантехника және жылыту, электромонтаж, дәнекерлеу, автокөлік жөндеу, аспаз ісі және сән технологиясы.

Бағдарлама аясында инновациялық көрмелер, «Педагогтерді трансформациялау орталығы» тренингі, «Caspian» халықаралық фестивалі, дрон технологиялары жөніндегі семинарлар ұйымдастырылады. Ауқымды шара 9 қазанға дейін жалғасады.

Чемпионаттың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіби дайындық стандарттарын жетілдіру және түркітілдес елдер арасындағы кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -