Жаңартылған жарықтандыру Алматыдағы қауіпсіздік пен жайлылықты арттырды

1243
Фотосурет: Gov

Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алматы Қала Жарық» МКК-мен бірлесіп, қаланың сыртқы жарықтандыруын жаңғырту бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңартылған нысандардың қатарында Республика Сарайы, Шухов және «Дружба» скверлері, Төлебаев көшесіндегі аллея, Сейфуллин даңғылы, сондай-ақ Шолохов және Саин көшелері бар.

Республика Сарайының аумағында 60 жаңа жарықтандыру тірегі орнатылып, 700 метр 5×10 кабель тартылды. Шухов скверінде қуаты 100 Вт (3000К) 32 торшер шамы орнатылды. «Дружба» саябағында 65 ескірген шам энергия тиімділігі жоғары (100 Вт, 3000К) заманауи жарық көзіне ауыстырылды.

Бұдан бөлек,Төлебаев көшесінде 97 шам ауыстырылып, тротуарлар біркелкілкі жарықтандырылуда. Шолохов көшесіндегі ескі шамдардың орнына 210 торшер пайда болды, соның арқасында энергия тиімділігі де артты. Саин көшесіндегі 150 Ватт шамдарды неғұрлым қуатты 200 ватт шамдарға ауыстыру жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 750 шам жаңартылды.

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру жарықтандыру деңгейін және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, қала тұрғындары мен қонақтары үшін неғұрлым жайлы жағдай жасауға ықпал етіп, қоғамдық кеңістіктерге заманауи сәулеттік көрініс беріп отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -