Қазақстанда Парламенттік реформалар жөніндегі жұмыс тобы құрылды

1023
Фотосурет: Аkorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Президент «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойды Ақорда

Жұмыс тобының құрамында Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері бар.

Бұған қоса, Жұмыс тобына ғылыми институттардың басшылары, еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан әрі конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясына бағдарланған белгілі заңгер-ғалымдар, сондай-ақ Ұлттық Құрылтай мүшелері мен сарапшылар енді.

Жұмыс тобының жетекшісі – Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі
Оның орынбасарлары – Ержан Жиенбаев, Президенттің құқық мәселелері жөніндегі көмекшісі және Арман Қырықбаев, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі

Құрамда Марат Башимов, Азат Перуашев, Ерлан Сәрсембаев, Айдос Сарым, Жандос Шаймарданов, Никита Шаталов, Марат Шибұтов, Үнзила Шапақ және өзге де заңгерлер мен сарапшылар бар

2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа Жолдауы кезінде Президент Тоқаев Қазақстан Парламентін бір палаталы ету және Сенатты тарату жөнінде ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, бұл жоғары өкілді билік органдарын реформалау қадамы президенттік билік реформасының және алдыңғы өзгерістердің қисынды жалғасы болмақ

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -