«Таза Қазақстан» бастамасы аясында еліміздің барлық университеттерінде экосағаттар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Таза Қазақстан» ұлттық бастамасы аясында еліміздің барлық университеттерінде экологиялық сананы арттыру және жастар арасында қоршаған ортаға құрмет мәдениетін тәрбиелеу мақсатында экосағаттар өткізілді.
Экология кафедраларының меңгерушілері студенттерге қоршаған ортаның қазіргі жағдайы, мемлекеттік экологиялық саясаттың басым бағыттары, жасыл даму қағидаттарын ілгерілетудегі жастардың рөлін талқылай отырып, дәрістер мен баяндамалар оқыды.
Іс-шараларға 1000-ға жуық студент қатысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан экологиялық науқандарға, волонтерлік қозғалыстарға, бастамаларға жастарды тартуға ерекше көңіл бөлінді.
«Эко сағаттар» бағдарламасы экологиялық білім беруді дамытуда, мемлекет пен білім беру мекемелері арасындағы серіктестікті нығайтуда, студенттерді Қазақстанның тазалығы мен тұрақты болашағын сақтау үшін практикалық іс-әрекеттерге тартуда маңызды қадам болды.