Қазақстан өңірлерді газдандыруды жалғастыруда: Ақмола облысында жаңа нысандар

1254
Фотосурет: Gov

ҚР Энергетика министрлігі Ақмола облысының әкімдігі және «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен бірлесіп, Ақмола облысының Талапкер және Алтынсарин ауылдарында жаңа газбен қамту нысандарын іске қосты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған жобаларды іске асыру 13,8 мыңнан астам адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және өңірдің инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға маңызды қадам болмақ.

Жобалар халықтың табиғи газға қолжетімділігін кезең-кезеңімен кеңейтуге бағытталған Қазақстанды газдандырудың Бас схемасы аясында жүзеге асырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, еліміз бойынша 2025 жылдың басында газдандыру деңгейі 62,4%-ды құрады, яғни 12,6 млн адам табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Биыл да газдандыру жұмыстары жалғасуда: 81 жобаны аяқтау жоспарланған, соның нәтижесінде 94 елді мекеннің шамамен 300 мың тұрғыны табиғи газға қол жеткізетін болады. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша Қазақстандағы газдандыру деңгейі 63,8%-ға жетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -