Шоқан Уәлихановқа арналған кеш мәдениеттер арасындағы ғылыми және рухани сұхбат алаңына айналды

3113
Фотосурет: Gov

Таңбалы Тас археологиялық кешенінде ұлы ғалым, этнограф, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан зерттеулеріндегі тастағы тарих» атты халықаралық рухани-мәдени кеш өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара аясында Шоқан Уәлихановтың зерттеулеріне арналған ғылыми баяндамалар ұсынылып, тақырыпқа байланысты тың деректер талқыланды. Сондай-ақ, далалық ғылыми экскурсия, «Шоқан еңбектері және Таңбалы бейнелері» атты фотокөрме, буддалық-этникалық музыка композициялары, «Шоқан және Таңбалы Тас мұрасы» атты ғылыми-танымдық пікірталас ұйымдастырылды.

Кештің қонақтары қатарында ЮНЕСКО өкілдері, Әзербайжаннан «Гобустан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы, Ресейден «Карелияның петроглифтерін басқару орталығы», Қырғыз Республикасынан «Сулайман-Тоо» ұлттық тарихи-археологиялық музей кешенінің қызметкерлері, сондай-ақ қазақстандық шығыстанушы ғалымдар мен буддатанушылар болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -