2025 жылғы 14 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды Президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұған дейін Алексей Цой Президент Іс басқармасы Медициналық орталығын басқарған.
Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды Ақорда
Алексей Цой 1977 жылдың 2 сәуірінде Шымкент қаласында дүниеге келген.
Ол Sels College (Лондон) оқу орнын, Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, «Данекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, Ресей Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Корпоративтік басқару жоғары мектебін, сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясын бітірген.
- 2007–2010 жылдары Президент Іс басқармасы жанындағы Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығын басқарды.
- 2010–2011 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болды.
- 2011–2014 жылдары Астана қалалық №1 ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.
- 2014 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі.
- 2020 жылы Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды, 2021 жылы бұл лауазымға қайта бекітілді.
- 2022 жылы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды.