Алматыда әлемдік классикалық музыканың жауһарлары орындалады

1694
Фотосурет: pixabay.com

2025 жылғы 20-23 қазан аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында VII Халықаралық камералық музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Фестиваль еліміздің басты ұлттық мерекелерінің бірі - Республика күні қарсаңында ұйымдастырылады.

Төрт концерттік кеште Қазақстан мен Ресейдің танымал өнерпаздары, сондай-ақ ансамбль өнері кафедрасының оқытушылары отандық және шетелдік композиторлардың камералық, вокалдық және аспаптық музыка туындыларын орындайды.

Фестиваль аясында халықаралық байқаулардың лауреаттары, студенттік камералық оркестр, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен оқытушылары өнер көрсетеді. Еліміздің танымал музыканттары шеберлік сыныптарын өткізеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -