Қазақстан АӨСШК-нің институционалдық негізін нығайтуға ықпал етуде

1188
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК, Азия кеңесі) Бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ Кеңестің институционалдық нығаюы мен одан әрі дамуы мәселелерін талқылады.

Ерекше назар Арнайы жұмыс тобының отырыстарында қаралып жатқан АӨСШК Жарғысы жобасын келісу процесіне аударылды. Қазақ тарапы ұйымның құқықтық негіздері мен болашақ дамуын айқындайтын құжат бойынша жұмысты жедел аяқтау жөніндегі күш-жігерді қолдады.

Кездесу соңында сұхбаттастар Азия кеңесін трансформациялау процесін ілгерілету және ұйымның Азиядағы қауіпсіздік пен сенімді қамтамасыз етуге арналған тиімді алаң ретіндегі рөлін нығайту бойынша бірлескен күш-жігерге бейілділігін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -