Астанадағы әскери колледжде Республика күніне арналған іс-шара өтті

1144
Фотосурет: Gov

Ұлттық мереке қарсаңында С. Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы "Шолу және тақырыптық экскурсиялар марафонын" өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Колледждің курсанттары мен оқытушылары үшін Президенттік орталықтың қызметкерлері «Қазақстан Республикасы: егемендік, тәуелсіздік, конституционализм нышандары» атты көшпелі көрме ұйымдастырды. Экспозицияда музей қорынан алынған бірегей жәдігерлер мен Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін мұрағаттық құжаттар ұсынылды.

Біздің бағдарлама мазмұндылығы мен материалдың тереңдігі жағынан ерекше. Ол тарихи оқиғаларға жаңаша көзқараспен қарап, мемлекет тағдырындағы көрнекті тұлғалардың рөлін бағалауға мүмкіндік береді. Іс-шараның мақсаты – білім көкжиегін кеңейту, ұлттық сана-сезімді дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту, – деді ҚР Президенті орталығының директоры Бақытжан Темірболат.

Ұйымдастырушылар оқу орнында «Қару-жарақ әлемі. Кольттан Калашниковқа дейін», «Жеңіске жеткізгендер», «Байқоңыр – ғарыш темірқазығы», «Хранители времени. Фототехниканың даму тарихы», «Өнегелі өмір» тақырыбындағы экскурсиялар мен танымдық дәрістер өткізді.

Кездесудің арқасында кадеттер еліміздің тәуелсіздікке жету жолын баяндайтын бірегей материалдар мен сирек фотосуреттермен танысу мүмкіндігіне ие болды.

35 жыл бұрын Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл – халқымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген маңызды белес. Бүгінгі іс-шара – ел бірлігі мен осы тарихи оқиғаға деген құрметтің жарқын көрінісі. Мұндай кездесулер кадеттер үшін аса маңызды. Олар Отанға деген сүйіспеншілікті оятып, ұлттық рухты нығайтады. Осылайша біз Тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасын қалаймыз, – деді әскери колледждің бастығы полковник Ғазиз Төлеуішев.

Кездесудің естелігі ретінде ҚР Президенті орталығы мен «Фолиант» баспасы әскери колледждің кітапханасына құнды кітаптар мен тарихи басылымдарды тарту етті. Республика күніне арналған экскурсиялық марафон ұлттық бірлік тақырыбын жан-жақты ашып, жастардың Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын оятты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -