Алматылықтарды Республика күніне арналған мерекелік жәрмеңке күтуде

1353
Фотосурет: @jcomp/freepik.com

2025 жылы 25–27 қазан аралығында Алматыда Қазақстан Республикасының күнінің 35 жылдық мерейтой құрметіне кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматылықтар мен қала қонақтары 4 өңірден келген 15 ауданның фермерлері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен жаңа әрі сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен тікелей сатып ала алады. Жәрмеңке Қазыбек би көшесінде - Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта ұйымдастырылып, таңғы 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Іс-шара аясында 50-ден астам тауар түрі ұсынылады. Олардың қатарында ет пен сүт өнімдері, жеміс-көкөністер, шұжықтар, жарма, ұн, өсімдік және жануар майлары және басқа да өнімдер бар. Жалпы сатылымға шығарылатын өнім көлемі шамамен 400 тонна: оның ішінде 120 тонна - ет өнімі, 100 тонна - көкөніс пен жеміс, 50 тонна - сүт өнімдері, 130 тонна - басқа да тауарлар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -