Қазақстан қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің еңбегін атап өтті

2288
Фотосурет: Akorda

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар қоғам қайраткері мен шығармашылық қауым өкілдері еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Республика күні қарсаңында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың, Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесіне, шығармашылық қауым өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.

  • ІI дәрежелі «Барыс» орденімен Ұлттық құрылтайдың мүшесі, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден, ІII дәрежелі «Барыс» орденімен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының актрисасы Лейло Бекназар марапатталды.
  • «Парасат» ордені актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрысқа, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталинге, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры Диляра Қайдароваға және М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері Берік Айтжановқа тапсырылды.
  • «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Мақсат Нұралиев, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Аскер Пириев, Н. Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Ирина Симонова, жазушы, журналист-публицист Сәкен Сыбанбай «Құрмет» орденінің иегері атанды.
  • Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қазыбек Дәуітәлиев, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, Apple Inc компаниясының Орталық Азия мен Армениядағы саясат және мемлекеттік органдармен байланыс бөлімінің басшысы Әділхан Қопабаев, Еуразия технологиялық университетінің ректоры Айжан Темірбаева, білім саласы жөніндегі сарапшы Әнуар Оңайбеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
  • Ақын Серікзат Дүйсенғазы, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры Бауыржан Өтеуілиев, жыршы, күйші Берік Жүсіпов, дәстүрлі әнші Толғанбай Сембаев, кинопродюсер Құралай Анарбекова, композитор Қайрат Баекенов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

Ерлан Қарин марапат иелерін Республика күнімен құттықтап, мемлекеттік наградалар ел азаматтарының еңбектегі зор жетістіктеріне мемлекет пен қоғам тарапынан берілген биік баға екенін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -