Әскери теңізшілер Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Мемлекеттік Туын алып өтті

2332
Фотосурет: Gov

Мемлекеттік Әнұран әуенімен олар ел бірлігінің нышанын бірінші дивизион пирсінің бойымен, содан кейін оны палубаға бекітіп, «Орал» зымыранды-артиллериялық кораблімен Каспий теңізімен жүзіп өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Теңіз үстінде желбіреген 20 метрлік айбынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – елдің қуатының, тәуелсіздігі мен бірлігінің символы екенін айшықтай түсті.

Каспий толқындарымен осы қасиетті туды алып өту арқылы біз Отанымызға, оның жетістіктеріне және бейбіт өмірге деген зор құрмет сезіміне бөлендік, – деп атап өтті рота командирі капитан Жолды Мағжан.

Әскери теңізшілер акцияны аяқтағанда жиналғандар қошемет көрсетіп, қол соқты.

Іс-шара теңіз әскерилерінің бірлігін, әскери борышқа адалдығын және Отанға деген терең сүйіспеншілігін айқын көрсетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -