Абай театры Республика күнін “Япурай” гала-спектаклінің премьерасымен атап өтті

1925
Фотосурет: Gov

Алматыда «Япурай» гала-хор спектаклінің премьерасы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Республика күні қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Япурай» атты гала-хор спектаклінің тұсаукесері өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (@madeniet__aqparat__ministrligi)

Кеш барысында «Япурай», «Маусымжан», «Самал тау», «Балапан қаз», «Ақ сиса», «Сәулем-ай», «Қарлығаш», «Аққу», «Ләйлім шырақ» сынды халық сүйіп тыңдайтын шығармалар хорға лайықталған заманауи өңдеумен орындалды. Музыкалық қойылым көркем сценографиямен және мультимедиалық проекциялармен үйлесім тапты. Спектакльде Абай, Шәкәрім, әл-Фараби мен Махмұд Қашғари секілді ойшылдардың нақыл сөздері оқылып, терең тақырыптар қозғалды.

На изображении артисты хорового гала-спектакля на сцене

Қойылымға театр хоры, симфониялық оркестрі мен балет труппасы, сондай-ақ «Престиж» жекеменшік мектебінің «Қоңырау» балалар хоры және «Мұрагер» фольклорлық ансамблі қатысты.

На изображении артисты хорового гала-спектакля на сцене

«Япурай» гала-спектаклі ұлттық музыкалық мұра мен заманауи сахналық шешімдерді үйлестіре отырып, халқымыздың бай мәдениетіне деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті.

На изображении артисты хорового гала-спектакля на сцене

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -