Мейірім дәстүрі: МОК әскери кафедрасының студенттері қамқорлықтағы Қарттар үйіне барды

1628
Фотосурет: Аида Бектурова

Халықаралық білім беру корпорациясының әскери кафедрасының студенттері Республика күні қарсаңында Қарттар үйіне барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Республика күні қарсаңында Халықаралық білім беру корпорациясының әскери кафедрасының студенттері ізгі әрі маңызды іс-шара өткізді — олар қамқорлыққа алынған Қарттар үйіне барып, көмек көрсетті.

Әскери кафедраның оқытушысы, гвардия подполковнигі (запастағы) Рауан Тұяқовтың жетекшілігімен студенттер Қарттар үйінің қызметкерлері мен тұрғындарына қол ұшын созып, мекеме аумағында сенбілік ұйымдастырды, жиһаздарды реттеп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, студенттер қарттарға шағын сыйлықтар мен тәттілер тарту етіп, олармен жылы әңгімелесіп, көңілдерін көтерді. Кездесу жылы шырайлы, рухани бай атмосферада өтті — ата-әжелер өз өмір тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға ақ баталарын берді.

Бұл іс-шара студенттердің бойында азаматтық жауапкершілік, отансүйгіштік және үлкенге құрмет сезімдерін қалыптастырудың айқын үлгісі болды. Мұндай игі істер жастарды мейірімділікке, жанашырлыққа және қоғамға пайдалы болуға тәрбиелейді.

Халықаралық білім беру корпорациясының әскери кафедрасы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық және волонтерлік іс-шараларды дәстүрлі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -