Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.
