Астанада «Сарыарқа» ауданының тұрғындары мен ардагерлерін біріктірген флешмоб өтті

1122
Фотосурет: Gov

Республика күніне орай елорданың «Сарыарқа» ауданында мерекелік ауқымды флешмоб өтті, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға ардагерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, түрлі сала қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мерекелік жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлмекен Құсайынова көпшілікті айтулы күнмен құттықтап, Республика күнінің ел Тәуелсіздігі мен халық бірлігінің нышаны екенін атап өтті.

Мемлекеттік Әнұраннан кейін алаңды ән тербеді. Көрермен назарына патриоттық және халық әндері ұсынылды. «Туған елім», «Менің ақ қалам», «Матур баса», «Сүйел», «Басале» әндері шырқалып, қатысушыларға мерекелік көңілкүй сыйлады.

Сахна төрінде «Ялқын» және «Дуслык» ансамбльдері, сондай-ақ вальс, фокстрот және танго билерін орындаған «Денс» және «Шабыт» ардагерлер би ұжымдары өнер көрсетті.

Бағдарламаның қорытынды сәтінде Нұрболат Бекетаевтың сөзіне жазылған «Жайнай бер, жас Жаңа Қазақстан» әні орындалды.

Қатысушылар көк туды көтеріп, әнді бірге орындап, елдің болашағына деген сенім мен патриоттық рухты білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -