Астанада Республика күніне орай кең көлемді мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Елордалықтар мен қала қонақтары «Жерұйық» саябағында өткен концерттік бағдарламаға жиналды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.


Концертке қазақстандық танымал әншілер мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлаған өнерпаздар қатарында Берік Ержанов, «Аруым» триосы, Мәди Сыздықов, Нұрлан Еспанов, Парасат Отан, Алтыншаш Мұқатаева, барабаншылар шоуы және Абай Бегей болды.


Ашық аспан астында өткен бұл іс-шара көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бүгінгі күнді думанға бөледі.


Концертті жүргізушілер Республика күнінің тарихи мәні мен оның еліміз үшін айрықша маңызын атап өтіп, елдік пен бірлікті дәріптеді.
Мерекелік кеште сахнада ұлттық және заманауи әндер шырқалып, көрерменқауым еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күнін ерекше көңіл-күймен атап өтті.
Мерекелік іс-шараға жиналғандар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.