Мемлекеттік қызмет Акмола облысының кәсіпкерлерінің құқықтарын 15 миллиард теңге сомасында қорғады

1254
Фотосурет: freepik.com

Ақмола облысында 15 миллиард теңгеден астам сомаға кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлік бастама мен инвестициялық ахуалдың жақсаруына жағдай жасаудың маңызды факторларының бірі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2025 жылдың 3 тоқсанында бірқатар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады.

Мысалы, Департаменттің ұсынулары мен шағымдар бойынша шешімдерінің негізінде әкімдіктер мен 4 шаруа қожалығы арасында жалпы алаңы 32000 гектар ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелеріне жалдау мерзімі ұзартылды.

Бұл шаралар кәсіпкерлерге жалдау мерзімі шегінде 10 миллиард тенгеден астам табыс алып, ауылдық елді мекендерде 15-тен артық жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан байқау аясында қабылданған шаралар арқылы бұған дейін мемлекеттік қызмет көрсетуден нормативтік құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтарға байланысты бас тартылған инвесторға құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға бөтелкедегі  ауыз су өндіретін зауыт салу үшін жер учаскесі берілді.

Тексеру нәтижесінде «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» қызметін алу тәртібінде 178 шаруаның өтінімдері 418 миллион теңге субсидия алу үшін резервке қойылды.

Осыған дейін аталған қызмет алушылар белгіленген мерзімдерден кеш қызмет көрсетуден бас тартуларға тап болып, соның кесірінен субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өтінімдерін қайта тапсыру мүмкіндігінен айырылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -