Алматының әртістері Чеховтың классикалық шығармаларына жаңа серпін берді

1177
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 28 қазан күндері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының Жанат Хаджиев атындағы эксперименталды сахнасында Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасы желісі бойынша сахналанған спектакльдің премьерасы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл қойылым – жас әрі дарынды режиссер Рача Махатаевтың сахналауымен, заманауи көзқараспен қайта жаңғыртылған классика. Өмір мен өлімнің, шындық пен елестің арасындағы нәзік шекараға ой жүгіртіп, мәңгіліктің мәнін іздеуге жетелейтін туынды.

Рольдерді қазақ театр өнерінің танымал тұлғалары сомдады. Атар айтсақ, Жанар Мақашева, Жомарт Зейнәбіл, Нұржан Асылхан, Рабина Белгібаева және тағы да басқа дарынды әртістер өнер көрсетті.

«Шие бағы» — адамның ішкі күйзелісі мен өмірдің өткінші екенін суреттейтін терең философиялық туынды. Бұл спектакль – өткеннен қол үзе алмау мен жаңашылдыққа қадам басу арасындағы күрес, уақыттың өтуі мен өзгерістің заңдылығын қабылдау, адамның тағдыр алдындағы дәрменсіздігі туралы сыр.

Премьера көпшіліктің көңілінен шығып, көрермен көзайымына айналды. Қойылым классикалық туындыны заманауи көзқараспен ұсыну арқылы театр репертуарына жаңа серпін берді.

Қойылым премьерасы 31 қазанға дейін жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -