Алматыда аз қамтылған және осал санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау күшейтіліп жатыр

1111
Фотосурет: Gov

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым халықтың аз қамтылған және осал топтарын әлеуметтік қолдау шараларына арналған баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мегаполисте тұрмысы төмен отбасыларды анықтау бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп келеді. «Цифрлық отбасы картасы» платформасы арқылы 1819 отбасыға (9063 адам) жалпы сомасы 755 миллион теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Әкімнің орынбасары қаланың әлеуметтік саясаты тек қаржылық қолдаумен шектеліп қалмайтынын, сонымен қатар еңбек белсенділігін ынталандыруға және отбасын дербес қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

"Биыл 12,2 млрд теңге сомасына 33 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Қосымша 277 адам 1,3 млрд теңгеге инновациялық техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі", - деді Нұрлан Әбдірахым.

Әлеуметтік қорғауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп 2026 жылы оңалтудың техникалық құралдарын жеке іріктеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр, бұл олардың ерекшеліктері мен медициналық көрсеткіштерін ескеруге мүмкіндік береді.

"Инватакси" қызметі де дамып келеді. Қызметті қаржыландыру машиналар паркін 145 бірлікке дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, осы жобаның арқасында "Яндекс такси" агрегаторы арқылы пайдаланушыларды қамту 2 мыңнан 3,4 мың адамға дейін өсті. 2026 жылдан бастап қызметті II және III дәрежелі ауыр психикалық ауытқушылығы бар адамдар да пайдалана алады. Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін цифрлық форматта өтінімдер мен маршруттарды бақылауға мүмкіндік беретін диспетчерлік қызметтің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -