FlyArystan әуекомпаниясы 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қысқы маусымда Астана – Үрімші – Астана бағыты бойынша тікелей рейстерді жалғастырады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Рейстер 2026 жылғы 23 наурызға дейін, аптасына екі рет: Астанадан Үрімшіге – дүйсенбі және сенбі күндері, кері бағыттағы рейстер – сейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Қазақстанның өзге қалаларынан және көршілес елдерден келетін жолаушылар үшін FlyArystan-ның Астана арқылы ыңғайлы тоғысу рейстері қолжетімді: Алматы, Шымкент, Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Семейден, сондай-ақ ұзағырақ тоғысумен – Ақтау, Атырау, Ташкент және Кутаиси қалаларынан.
Астана – Үрімші бағыты бойынша алғашқы рейс 2023 жылғы 21 қыркүйекте орындалып, FlyArystan әуекомпаниясының Қытайға алғашқы әуе қатынасының бастауы болды. Бұл бағыт жолаушылар арасында тұрақты сұранысқа ие, ал Қазақстан мен Қытай арасындағы қолданыстағы визасыз режим туристік және іскерлік сапарлардың өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап әуекомпаниясы Алматы – Инин (Құлжа) рейстерінің жиілігін аптасына үш ретке дейін арттырды.
Астана – Үрімші бағытындағы рейстерге билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы, www.flyarystan.com сайтынан, сондай-ақ өзге де ресми сату арналарынан брондауға болады. Билет құнына борттағы кездейсоқ орын және 5 кг дейінгі қол жүгінің тасымалы кіреді.