Қазақстандық конькишілер маусымды жүлдемен бастады. Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде ерлер мен әйелдер құрамасы жүлдегер атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстан құрамасы екі медальді де нео-сеньорлар (жас ересектер) санатындағы командалық ізге түсу жарысында жеңіп алды.
Ерлер құрамасы күміс жүлде иеленді
Абылайхан Қайырғазы, Азамат Сатқожа және Руслан Жанәділов командалық ізге түсу жарысында екінші орын алды.
Қазақстандық конькиші қыздар қола жүлде алды
Әйелдер арасындағы бәсекеде Анастасия Беловодова, Айзада Рымбек және Алёна Лифатова үздік үштікке енді.
Командалық ізге түсу жарысында спортшылардың жылдамдығымен қатар, өзара үйлесімді әрекет етуі де шешуші рөл атқарады. Команданың нәтижесі мәре сызығын соңғы болып кесіп өткен спортшының уақыты бойынша анықталады.
Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы осы жарыс түрінен үздік үштікке қатар енді.