Қазақстанда халық пен бизнес депозиттері 43,4 триллион теңгеге жетті

3366
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 23 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 15 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 10 еншілес банк, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 41,6  трлн теңгеге дейін 1,8%-ға өсуі есебінен ағымдағы жылғы қыркүйекте 0,6%-ға ұлғайып, 67,0 трлн теңге құрады (2025 жылдың басынан 8,9%-ға өсу).

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,1 трлн теңгені немесе активтердің 28,4%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2025 жылғы қыркүйекте 1,8%-ға 38,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 14,6%-ға өсу). Бұл ретте, ұлттық валютада берілген кредиттер 1,3%-ға 35,3 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 6,3%-ға, оның ішінде теңге бағамының АҚШ долларына қатысты 2,0%-ға әлсіреуі нәтижесінде 3,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 91,2%-ды құрады (01.01.2025 ж. – 91,2%).

Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2025 жылғы қыркүйекте  негізінен айналым қаражатын сатып алуға берілген қарыздардың 2,5%-ға 5,6 трлн теңгеге өсуі есебінен 14,7 трлн теңгеге дейін 2,5%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан 12,1%-ға өсу). Оның ішінде, ірі бизнеске берілген қарыздар 2,7%-ға 5,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ШОБ субъектілеріне берілген қарыздар - 2,3%-ға 6,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Дара кәсіпкерлерге берілген кредиттер бір айда 2,3%-ға 3,0 трлн теңгеге дейін  өсті (2025 жылдың басынан 29,2%-ға өсу).

Салалар бөлінісінде ағымдағы жылғы 9 айда кредиттердің өсуі барлық салаларда: өнеркәсіпте – 4,9 трлн теңгеге дейін 10,8%-ға, саудада – 4,0 трлн теңгеге дейін 15,1%-ға, ауыл шаруашылығында – 530 млрд теңгеге дейін 10,1%-ға, құрылыста -  769 млрд теңгеге дейін 13,3%-ға, ақпарат және байланыс салаларында - 203 млрд теңгеге дейін 32,4%-ға, көлікте - 937 млрд теңгеге дейін  4,8%-ға өсуі байқалады.

2025 жылғы қыркүйекте  бизнес субъектілеріне 1,8 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді. Бұл ретте, 2025 жылғы 9 айда бұл көрсеткіш  13,9 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға көп.

Бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы қыркүйектің  қорытындысы бойынша 21,6%-ды құрап, 0,1 п.т. ұлғайды. Ірі бизнестің теңгемен кредиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,0%-ды, ШОБ субъектілеріне – 19,2%-ды, ДК – 31,3%-ды құрады.

Халыққа берілген кредиттер бір айда 1,3%-ға ұлғайып, 24,0 трлн теңге құрады (2025 жылдың басынан 16,2%-ға өсу). Халыққа берілетін кредиттер құрылымында тұтынушылық қарыздар 1,5%-ға 16,2 трлн теңгеге дейін өсті. Ипотекалық кредиттер бір ай ішінде 1,3%-ға 6,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

2025 жылғы қыркүйекте халыққа берілген жаңа қарыздар 1,7 трлн теңгені құрады. Бұл ретте 2025 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 14,6 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,8%- ға көп.

2025 жылғы қыркүйекте халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 0,4 пайызды тармаққа ұлғайып, 19,7%-ды құрады. Ипотекалық қарыздар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 9,9%-ды, тұтынушылық қарыздар бойынша 20,9%-ды құрады.

Кредит портфелінің сапасы жоғары деңгейде сақталып отыр. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (NPL90+) деңгейі өткен ай деңгейінде сақталып, несие портфелінің 3,5%-ын немесе 1,5 трлн теңгені құрады.

Бизнеске берілген кредиттерде NPL90+ қарыздардың үлесі 2,3%-ды немесе 388 млрд теңгені құрады (01.01.2025ж. – 2,1% немесе 304 млрд теңге). 2025 жылғы қыркүйек айында халықтың кредиттері бойынша проблемалық берешектің үлесі 4,5%-ды немесе 1 079 млрд теңгені құрады (01.01.2025ж. – 3,8% немесе 790 млрд теңге).

Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып отыр және 63,6%-ды құрайды (01.01.2025ж. – 67,0%).

Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы қыркүйекте негізінен заңды тұлғалардың салымдарының 3,3%-ға 19,2 трлн теңгеге дейін өсуі және айналысқа шығарылған  бағалы қағаздардың 0,9%-ға 2,9 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 0,7%-ға 57,3 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 8,8%-ға өсу) ұлғайды.

Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 2025 жылғы қыркүйекте негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 3,6%-ға 34,5 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 1,5%-ға 43,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Шетел валютасындағы депозиттер қаржы құралдарын иелену мақсатында  қоса алғанда заңды тұлғалардың қаражат алуы нәтижесінде 5,6%-ға 9,0 трлн теңгеге дейін қысқарды. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 қазанда долларландыру деңгейі 20,6%-ды құрады (01.01.2025ж. - 22,5%).

Заңды тұлғалардың депозиттері негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 6,4%-ға 14,5 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 2025 жылғы қыркүйекте 1,7%-ға 19,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ұлттық валютадағы депозиттердің 1,6%-ға 20,0 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты жеке тұлғалардың депозиттері 1,4%-ға 24,5 трлн теңгеге дейін өсті.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы қыркүйекте 15,4%-ды (01.01.2025ж. – 14,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 14,4%-ды (01.01.2025ж. – 13,2%) құрады.

Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы қыркүйекте негізінен өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының қысқаруы нәтижесінде 0,3%-ға 9,8 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 9,8%-ға өсу) ұлғайды. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,1%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 20,3%-ды (01.01.2025ж. –22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте банктердің таза пайдасы 2,1 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға артық. Банк активтерінің рентабельділігі (RОА) 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4,4%-ды (01.09.2025ж. – 4,5%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 29,9%-ды (01.09.2025ж. – 30,8%) құрады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -