Өткен сенбі күні елордадағы «Алатау» спорт кешенінде ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығының ардагерлері Қазақстан Республикасының егемендігі жарияланғанына 35 жыл толуына орай жүзу жарысын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жарысқа түрлі жастағы оннан астам ардагер қатысты.
Олардың арасында кәсіби жүзушілер де, жасы ұлғайғандықтан бассейнге сирек баратындар да болды. Дегенмен барлығы да жарыстың бәсекелік рухын сезініп, жүзудің әсерінен зор қуаныш алды. Ұйымдастырушылар уақыт бойынша шектеу қоймағанымен, бастысы – ақсақалдар сергіп, эмоциялық демалыс алып, бір-бірімен қауышып, жастық шақтарын еске алды.
"Бұл жай жүзу емес, бұл – денсаулықты қалпына келтірудің, өз-өзіне сенімділікті арттырудың, жаңа мақсаттар мен жеңістерге жетудің жолы" жүзу жарысына қатысушы, отставкадағы полковник Алексей Мельников

"Әрине, жүзу дене бітімді сақтауға, көңіл-күйді көтеруге және өзін-өзі бағалауды жақсартуға көмектеседі" пікірін білдірді тағы бір қатысушы Талғат Нұрбаев
Шара соңында Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығының Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Григорий Григорьянц Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы атынан отставкадағы полковниктер Александр Дучко мен Михаил Юрковецке «Ұлттық ұлан үздігі» төсбелгісін табыс етті. Ал отставкадағы полковник Виктор Пилипенко мен запастағы подполковник Жақсылық Олжанов «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, ардагерлік қызметке қосқан үлесі үшін ІІО және Ұлттық ұланның Қазақстан ардагерлер кеңесінің қаулысымен полковниктер Анатолий Перепелица мен Жанболат Ахметов «Ардагерлер қоғамына қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталды.
Кеңес төрағасының айтуынша, мұндай іс-шаралар ардагерлерді біріктіріп, оларға жігер мен рухани қуат береді.
"Олар өздерін ұмыт қалғандай сезінбейді, әрдайым ардагерлер ұйымына сүйене алады, өз мәселелерін айтып келе алады. Біз оларға қуана көмектесеміз" Григорий Александрович
Қуаныш Қожахметов, Астана қаласы