Елордалық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бангкок (Тайланд) қаласында ересектер мен жастар арасында (U-21, U-18, U-16 жас санаттары) джиу-джитсудан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Аталған додада Астана қаласының намысын қорғаған спортшы Бекзат Қазтаев 56 келі салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, күміс медальға ие болды.

Айта кетейік, Бекзат Қазтаев бұған дейін де жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Өткен жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанса, биыл Азия чемпионатында үздік үштік қатарынан көрінді.

Джиу-джитсудан әлем чемпионаты 15 қарашаға дейін жалғасады.