Қазақстан мен Ұлыбритания студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр

1100
Фотосурет: Gov

Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Ұлыбританияның Exeter университеті өзара ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу Астанада өткен форум аясында әріптестік туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін өтті. Келісім білім мен ғылым саласындағы байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Exeter университетінің делегациясын жаһандық өзара іс-қимыл жөніндегі проректордың орынбасары Стюарт Берхоп бастап келді.

Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ хабарлағандай, келіссөздер барысында басты назар «Тау-кен ісі» және «Геология» бағыттары бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы мен қос дипломды оқу бағдарламасын іске қосу мәселесіне аударылды.

«Бұл кездесу халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, студенттердің академиялық ұтқырлығын дамытуға және жоғары білім беру саласында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы серіктестік байланыстарды кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды», – деп атап өтті университет өкілдері.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -