Ақтөбе облысында пайдаланылмай жатқан 1500 гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды

1331
Фотосурет: Gov

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті аталған облыстың Алға ауданында орналасқан шаруа қожалығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Нәтижесінде аумағы 1500 гектарды құрайтын жерлерде ешқандай мал басының жоқтығы анықталды. Бұл дерек ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жүйесіндегі мәліметтер арқылы расталды.

Жер иесіне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілгегмен, ол орындалмаған.

Осыған байланысты департаменттің талап арызы бойынша Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы шешім қабылдады.

Сот департаменттің талаптарын толығымен қанағаттандырды.
Алға ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес, аталған жер телімдері ауданның жер қоры құрамына енгізілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды мемлекеттік меншікке қайтару бағытындағы жұмыс жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -