Роза Мұқанова елордалық жас жазушылармен өз тәжірибесі мен шабытын бөлісті

1045
Фотосурет: Gov

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен жүзеге асып келе жатқан Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының «Қаламгер ұстаханасы» жобасы аясында бүгінге дейін 7 қаламгер әртүрлі тақырыпта дәріс оқыды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сегізінші болып көрнекті жазушы-драматург, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақ драматургиясы: сюжет, идеясы және көркемдік тәсіл» атты дәрісі №5 қалалық балалар кітапханасында өтіп, оған қала әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты

Дәрісті ашып берген Жазушылар одағының Астана филиалының директоры, белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлы бұл жоба жыл аяғына дейін жалғасатынын атап өтті. Жалпы елорда әкімдігі астаналық қаламгерлерге көп қолдау көрсетіп келе жатқанын, «Қаламгерлер ұстаханасымен» қатар жас қаламгерлер арасында куиз өткізу қолға алынғанын айтты.

Осыдан кейін сөз алған Роза Мұқанова әдебиетке қалай келгенін әңгімеледі.

«Өзге қаламгерлер сияқты мен де әдебиетке құштарлықпен келдім. Әдебиет арман, мақсат болды. Осы үлкен жолда маған ықпал еткен, әдебиетке құштарлықты оятқан менің әкем – Қажығалым Қажыбайұлы Мұқанов. Ол кісі өз заманында ауыл-ауылды аралап, халық ауыз әдебиетін жинады.

Зерттелмеген, айтылмай жатқан, көмескіленіп жатқан дүниелерді жинаумен әуестенді. Айтыс ақындарын, әсіресе Әсеттің қолжазбаларын ел ішінен жинады. Сөйтіп ғылым академиясына тапсырып жүрді. Әкемнің әдебиетке деген махаббаты, әдебиетке құштарлығы мені де құштар етті», – деді Роза Мұқанова.

Қаламгер дәрісі екі сағатқа созылып, тыңдаушылар әдебиет жайында, Роза Мұқанованың шығармашылығы жөнінде, оның замандас жазушылары туралы қызықты мәліметтерге қанықты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -