Energy Saving Week аясында Қазақстанның энергия тиімді технологияларды дамытуға қосқан үлесі атап өтілді

1364
Фотосурет: Gov

Бүгін Астанада Energy Saving Week – 2025 шеңберіндегі басты іс-шара – VII Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтті. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар, бизнес-қоғамдастық пен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбірова елдің энергия үнемдеу саласындағы маңызды жетістіктеріне тоқталды. Қазіргі таңда 2 000-нан астам ұйым энергетикалық аудиттен өтіп, энергия тиімділігін арттыру шараларына 505 миллиард теңгеден астам инвестиция салған, бұл 141,4 миллиард теңге көлемінде энергия ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ 88 кәсіпорында энергияны басқару жүйелері енгізілген, ал ТОП-109 энергияны көп тұтынатын кәсіпорындарда жанармай-энергетикалық ресурстардың бірлік шығынын төмендету көрсеткіші 64%-ке жеткен. Қабылданған шаралардың нәтижесінде елдің ЖІӨ энерго үнемдеуі 2013 жылмен салыстырғанда 15%-ке төмендеген.

Форум барысында энергия үнемдеу саласының дамуына зор үлес қосқан мамандар ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара бағдарламасы пленарлық отырыс пен панельдік сессияларды қамтыды. Онда өнеркәсіп пен ғимараттардағы энергия тиімділігін арттыру, энергия үнемдеудің қаржылық тетіктерін енгізу, цифрландыру және энергетика саласындағы инновациялар мәселелері талқыланды.

Қатысушылар энергия тиімді технологияларды дамыту бағытындағы өзекті мәселелерін талқылап, «ақылды» энергия мониторингі жүйелерін және орнықты инфрақұрылымдық шешімдерді енгізу тәжірибесімен бөлісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -