Абай облысында өңірлік «Ауыл» партиясы филиалының кезекті бір «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

1188
Фотосурет: «Ауыл» партиясы

Абай облысында «Ауыл» партиясы өңірлік филиалының бастамасымен «Шығыс Қазақстан ұн және құрама жем комбинаты» акционерлік қоғамы мекемесінде жаңа Бастауыш партия ұйымы (БПҰ) ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл маңызды шара еліміздің аграрлық саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың жалпы белсенділігін арттыруға, олардың әлеуметтік және кәсіби мүдделерін қорғауға бағытталды. Партияның бастауыш ұйымдары ел экономикасының өзегін құрайтын еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатып, ауыл шаруашылығы мен өңірлік өндіріс саласын дамытуға серпін беруді көздейді.

Шараға «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі Е.Омарғалиев қатысып, бастауыш партия ұйымының ашылуына байланысты құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол партияның негізгі бағыттары мен бағдарламалық мақсаттарына тоқталып, нағыз қарапайым жұмыс адамын қолдау – партияның басты қағидаты екенін атап өтті.

"«Ауыл» партиясы әр өңірде еңбек адамын, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбекқор азаматтарды қолдап келеді. Бүгінгі ашылып отырған бастауыш ұйым – партияның халықпен тікелей байланысын нығайтып, жергілікті мәселелерді тиімді шешуге жол ашады деп ойлаймын" Аталмыш мекеме директорының орынбасары Бахтияр Даниярұлы

Айта кету керек, Абай облысындағы «Шығыс Қазақстан ұн және құрама жем комбинаты» АҚ – өңір экономикасының тірегі саналатын ірі кәсіпорындардың бірі. Комбинат аймақ тұрғындарын және еліміздің өзге өңірлерін жоғары сапалы ұн және жем өнімдерімен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосып отыр. 

Сондай-ақ, «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілі Е.Омарғалиев «Шығыс Қазақстан ұн және құрама жем комбинаты» АҚ-ның директорының орынбасары Рахимов Бахтияр Данияровичке өңірлік филиал төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы сыйға ұсынған «Біздің ауыл өнімі» журналын табыстады. Артынша «Бастауыш партия ұйымының» өкілдеріне партия төсбелгісін тағып, жиынтық фотосуретке түсіп тарқасты.

Жаңа бастауыш партия ұйымының ашылуы – еңбек ұжымдары арасында саяси және әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, қоғамдағы еңбек мәдениетін дәріптеу жолындағы маңызды қадам.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -