Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы жүзуден кезекті медальға қол жеткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ерлер құрамасы жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Отандастарымыз 4x200 метрге еркін стильде жүзу эстафетасында екінші орынды иеленді. Бұл сында ел намысын Әділбек Мусин, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов және Ғалымжан Балабек қорғады.
Бірінші орынды Түркия, ал үшінші орынды Иран құрамасы иеленді.