Астана жоғары оқу орындарында экомәдениет бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өтті

990
Фотосурет: Gov

Елордадағы жоғары оқу орындарында – «Тұран-Астана» университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара ауқымды республикалық «Тaza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, оны елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен қалалық экохаб бірлесе өткізді.  Мақсат – жастар арасында экологиялық сананы қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапты көзқарасты дамыту және студенттерді экобастамаларға тарту, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында студенттер пластик қалдықтарын жинауға қатысты. Бұл бастама қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттап, студенттік ортада экологиялық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың экологиялық ойлауын дамытуға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -