Астананың Экономика және заң колледжінде «Қауіпсіз орта: заң мен тәртіптің негізі» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуде Байқоңыр ауданының әкімдігі мен осы ауданның Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері жастарға тақырып төңірегінде мағлұмат берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Бүгін біз маңызды тақырып – «Қауіпсіз орта: заң мен тәртіптің негізі» туралы әңгімелестік. Қауіпсіз орта – бұл тек төтенше жағдайлардың болмауы емес, ол – қоғамдық тұрақтылық, сыйластық және әр азаматтың жауапкершілігі.

Президентіміз айтқандай, «Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізгі өлшемі». Яғни заңды сақтау мен тәртіпке бағыну – еліміздің тұрақтылығы мен болашағының кепілі. Байқоңыр ауданының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасы жастармен кездесу өткізіп, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйретуге айрықша мән беріп келеді. Осылайша құтқарушылар күн сайын халықтың қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етумен қоса, апаттың алдын алу және түсіндіру жұмыстарына атсалысып отыр», – деді Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрислам Батырбек.
Астана қаласы Байқоңыр аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Айтбек Темірлан апатты жағдайларды тудыратын негізгі себептер туралы айтып, мұндай оқиғалардың алдын алудың тиімді жолдары түсіндірді.
«Біздің басты мақсатымыз – адам өмірін қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Бірақ қауіпсіздікті бір ғана төтеншеліктер қамтамасыз ете алмайды – әр адам өзінің және өзгенің қауіпсіздігі алдындағы жауапкершілігін сезінуі керек.
Айта кетейік, аталған іс-шараға 100-ден астам студент қатысты.