Қазақстанның ерлер командасы 25 метрлік пистолетпен ату сайысында алғаш рет жүлдеге ие болды

451
Фотосурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Нысана көздеуден Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында тарихи жүлде алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Нысана көздеуден Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатында 25 метр қашықтықтан тапаншамен ату сайысында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков бастаған ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

🥇🇰🇷Оңтүстік Корея - 1711 ұпай
🥈🇨🇳Қытай - 1700 ұпай
🥉🇰🇿Қазақстан - 1699 ұпай

Жарыс барысында отандастарымыз 2 дүркін әлем чемпионы Павло Коростылёв, Максим Городинец (Украина), Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Юсуф Дикечтен (Түркия) сынды мықтылардан басып озды.

Ал жеке сайыста Никита Чирюкин 7-орынға тұрақтап, қола жүлдеге 1 ғана ұпай жетпей қалды.

Нысана көздеуден 50 метр қашықтықтан үш позицияда кіші калибрлі винтовкамен атудан командалық сайыста әйелдер құрамасы да қола жүлдегер атанған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -