Қарағанды облысында республикалық маңызы бар KAZ14 «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автомобиль жолының 967-993 және 999-1003 шақырым аралығындағы (Қарағанды қаласынан Қушоқы кентіне дейін) учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жөндеуден өткен жолдың жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайды.
Орташа жөндеу жұмыстары аясында келесі жұмыстар орындалды:
- жаңа материал қосып суық ресайкілеу әдісі арқылы жолдың негізі төселді;
- қалыңдығы 6 см болатын ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан төменгі қабат төселді;
- қалыңдығы 4 см болатын майда түйіршікті асфальтбетон қоспасынан үстіңгі қабат төселді;
- 1 дана су өткізу құбыры орнатылды;
- 5 дана автопавильон салынды.

Жөндеу жұмыстарына отандық жол-құрылыс материалдары пайдаланылды. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарына 29 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 35 маман жұмылдырылды. Барлық жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес мерзімінде толық орындалды.