Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары еркін күрестен СҚО чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

770
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Солтүстік Қазақстан облысында еркін күрестен ерлер арасындағы облыстық чемпионатта Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтары мен табандылықтарының арқасында өздерінің шеберліктерін дәлелдеді.

Жарыс нәтижесінде Академия спортшылары бірнеше жүлделі орындарды иеленіп, оқу орнының абыройын асқақтатты, деп хабарлайды DKNews.kz.

57 кг салмақ дәрежесінде 2 курс курсанты Мадияр Байтасов үшінші орынға ие болды. 61 кг салмақта 1 курс курсанты Рахматилда Қарыбек уулу қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды жеңіп алды.

86 кг салмақ дәрежесінде 4 курс курсанты Талант Мадетов үздік үштіктер қатарынан көрінді. Ал 97 кг салмақта Академияның екі өкілі жүлдеге жетті: 1 курс курсанты Асан Қадырбек үшінші орынға ие болса, 4 курс курсанты Искандер Жайықбаев айқын басымдықпен чемпион атанып, бірінші орынды иеленді.

Курсанттардың жарысқа сапалы дайындығын қамтамасыз еткен тәжірибелі жаттықтырушылар тобы – Дене шынықтыру даярлығы және спорт кафедрасының бастығы подполковник Мақсат Нүсіпов, дене шынықтыру даярлығы және спорт бастығы подполковник Қобылан Таманов және кафедра оқытушысы подполковник Салауат Түрегалиевтердің кәсіби жұмысы мен жүйелі дайындық әдістері курсанттардың жоғары нәтиже көрсетуіне негіз болды.

Чемпионат жүлдегерлерін марапаттау рәсімі Академияның саптық алаңында өтті. Салтанатты шара барысында жеке құрам алдында жеңімпаздарға медальдар мен грамоталар табысталды. Марапаттарды Академия бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Асқар Файзулин табыстап, спортшыларды жеңістерімен құттықтады.

Ұлттық ұлан Академиясының спортшылары облыстық деңгейде лайықты нәтиже көрсетіп, алдағы жарыстарға жаңа серпін алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -