Қазақстан мен Мердок академиялық байланыстарды нығайтып жатыр

506
Фотосурет: Gov

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Дубайдағы Мердок университеті кампусының атқарушы директоры доктор Мохамед Баматрафпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар академиялық ұтқырлық, кадр даярлау және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру бағыттарындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Доктор Баматраф Қазақстанның академиялық және зерттеу орталығын дамытудағы жоғары әлеуетін атап өтіп, қазақстандық университеттермен өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Ерекше назар азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы, биотехнологиялар және қолданбалы зерттеулер бағыттарына аударылды. Бұл – Мердок университетінің айтарлықтай тәжірибесі мен дамыған ғылыми-зерттеу базасы бар салалар. Университет өкілдері практикалық бағыттағы жобаларға, тағылымдамаларға, сондай-ақ педагогтар мен мамандарға арналған біліктілікті арттырудың бірлескен бағдарламаларын жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді.

Тараптар Мердок университетімен ынтымақтастық халықаралық байланыстарды нығайтуға, студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және Қазақстан үшін басым бағыттардағы зерттеу бастамаларын дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -