Астанада EcoSummer 2025 байқауының үздік экологиялық бейнероликтері жарияланды

1892
Фотосурет: Gov

Республикалық «EcoSummer 2025» экологиялық конкурсының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде республикалық «EcoSummer 2025» экологиялық конкурсының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Іс-шара «Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен, тұрақты даму мен жасыл экономика жобаларын қолдайтын ресми серіктестер Банк ЦентрКредит және «Жасыл даму» АҚ қолдауымен өткізілді.

Байқау Мемлекет Басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға, EcoQolday бағдарламасын насихаттауға, қалдықтарды жинау және сұрыптаудағы үздік бастамаларды қолдауға бағытталды. Сондай-ақ, жоба аясында жастар, бизнес және қоғам арасында саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыру мақсаты қойылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Әлиев, «Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасы Е. Сәрсенбай, Банк ЦентрКредиттің бірінші вице-президенті Р. Теңізов, сондай-ақ Қазақ агротехникалық университетінің Басқарма төрағасы–ректоры Қ. Тіреуов, Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Б. Аубакиров қатысты.

Биылғы байқауға еліміздің барлық өңірінен белсенді азаматтар қатысып, әлеуметтік желілерде 100-ге жуық экологиялық бейнеролик жарияланды. Қалдықтарды жинау және сұрыптау нәтижесінде 100 тоннаға жуық қалдық қайта өңдеуге жіберілді.

Салтанатты жиында «Жас Эко-Амбассадор», «Қазақстанның Эко-Азаматы», «Эко-Бизнес» және «Цифрлық Эко-Дауыс» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -