Қорғаныс министрлігі «Smart военкомат» цифрлық жобасының артықшылықтарын таныстырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Астанада өткен баспасөз турында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев журналистер мен блогерлерді аталған жобаның негізгі артықшылықтарымен таныстырды.
Жиында әскери есепке алу және мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу нәтижесінде процестерді оңтайландыру және азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкіндігі пайда болғаны айтылды.
"Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу" ақпараттық жүйесі арқылы жеке әскери есепке алу жүргізіледі және мемлекеттік органдар арасындағы дерек алмасу жеделдетіледі. Бұл ретте «е-Медосмотр» жүйесінің де айтарлықтай артықшылықтары бар. Бұл жүйе медициналық тексеруден өту үдерісін автоматтандырады, яғни азаматтардың әскери қызметке шақырылуына дейінгі кезеңді толық цифрландырылған түрде өткізеді" Дархан Ахмедиев
Қалалық жинақтау пунктінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілдері журналистерге «Интеграциялық шлюз автоматтандырылған жұмылдыру ресурстарын есепке алу» және «е-Медосмотр» ақпараттық жүйелерінің интерфейстерін көрсетті. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Арман Сарин «Smart военкомат» жобасы бірнеше жылдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.

Мемлекеттік деректер базаларымен интеграция арқасында азаматтардың әскери есепке қойылуы автоматтандырылған, ал 17 жасқа толған жасөспірімдер автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына тіркеледі. Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Интеграциялық шлюзді модернизациялау биыл әскери-техникалық мектептерде оқуға жіберу бағытындағы кезекті автоматтандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауға арналған «Жауынгер» модулі енгізілді.

Баспасөз турына қатысушылар дәрігерлер мен Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Бұған қоса, олар «е-Медосмотр» ақпараттық жүйесінің артықшылықтарын да көрді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базаларымен тікелей интеграция жасау арқылы шақыруға жататын азаматтардың денсаулығы туралы ақпарат жедел түрде алынуы мүмкін. Бұл медициналық тексеруден өту процесін жылдамдатады. «е-Медосмотр» жүйесі шақырылушылардың цифрлық медициналық картасын қалыптастырады, әрі 100-ден астам медициналық параметр бойынша деректерді алуға мүмкіндік береді.
Полковник А. Сариннің айтуынша, «е-Медосмотр» жүйесін тестілеу Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысындағы Абай қаласында сәтті өткен.
Баспасөз турын ұйымдастырушылар «Smart военкомат» жобасын енгізу азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырғанын, әкімшілік жүктемені төмендеткенін және мемлекеттік қызметтерге деген сенімді нығайтқанын атап өтті.

еледі. Сондай-ақ, азаматтардың әскери қызметке шақырудан босатылуы немесе кейінге қалдырылуы үшін ешқандай анықтама мен құжат жинаудың қажеті жоқ. Электрондық түрде шығарылған шақыру бұйрықтары автоматты түрде қаржы ұйымдарына жіберіледі, бұл өз кезегінде кредиттік демалыстарды рәсімдеуге мүмкіндік береді.